«Тобыл» марокколық футболшыны қатарына қосты

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы марокколық жартылай қорғаушы Ахмед Эль-Мессауди қатарына қосты. 29 жастағы футболшы бұған дейін еуропалық клубтарда ойнаған 

Ахмед Эль-Мессаудидің бельгиялық төлқұжаты да бар. Бельгияда дүниеге келген және «Льерс» клубының түлегі саналады. 2015 жылы Ахмед «Стандардқа» жалға берілді. 2016 жылдың басында Эль-Мессауди «Мехеленге» қосылды. Бір жылдан кейін клуб ойыншыны сатып алды.

«Тобылға» дейін Ахмед Эль-Мессауди «Фортуна», «Гронинген», «Эммен» (барлығы – Нидерланд командалары) және «Газиантеп» (Түркия) сияқты клубтарда ойнады.

Эль-Мессауди Бельгияның түрлі жастағы құрамаларында ойнады. 2015 жылы ол тарихи отанына оралуға шешім қабылдады. Уругвай құрамасына қарсы жолдастық кездесуде Ахмед Марокко құрамасында дебют жасады.

Мамандардың пікірінше, ол денесінің ірілігіне қарамастан, өте жылдам қозғалады. Дриблингі мықты, өткір пас бере алады. Оның оң аяғымен бағыттайтын соққысы мығым, — деп жазады қостанайлық клубтың әлеуметтік желідегі парақшасы.

massaget.kz