Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды

Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Президент Семей жұртшылығымен кездесіп, өңірдің бірқатар мәдени-білім беру ошақтарын аралап көруді жоспарлап отыр.
«Мен биыл халықтың қалауын ескере отырып, осы аймақта жеке облыс құру туралы шешім қабылдадым.
Аталған қадам өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Инвестицияның келуіне, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасайды. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүйесі жүзеге асады.
Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз жаңадан құрылған облысты ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде Абай деп атадық»,—деді Президент.
