Тоқаев Астанада Сердар Бердымұхамедовты әуежайда қарсы алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Астанаға келген Түркіменстан Президенті Сердар Бердымұхамедовты әуежайда қары алды  деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Түрікмен басшысының ұшағы елорда халықаралық әуежайына қонғанда, оған арналған ресми қарсы алу рәсімі ұйымдастырылған .

Ұшу жолағында Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Мемлекет басшылары амандасып, кейін келіссөздерге қарай беттеген .

Екі күндік сапар барысында тараптар Қазақстан–Түркіменстан ынтымақтастығының негізгі бағыттарын, соның ішінде сауда-экономикалық байланыстарды, көлік-логистика жобаларын және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ бірнеше екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

Ақорда баспасөз қызметі кездесу сәтінен фото және видео жариялады.