Тоқаев Ауғанстан басшылығына жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда болған жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты осы елдің басшылығына көңіл айтты, – деп хабарлады Ақорда.

Еске салсақ, Пәкістан шекарасына жақын Ауғанстанның шығысында магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі болып, 800-ден астам адам қаза тауып, 3 мыңға жуық адам жарақат алған.