Тоқаев Бішкекке ресми сапармен барады.

22 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Бішкекке ресми сапармен барады. Күн тәртібінде – стратегиялық әріптестікті нығайту және екі елдің Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысы, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

 Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Бұл сапар шілде айында қол қойылып, кейін ратификацияланған одақтастық қатынастарды кеңейту туралы келісімнен кейін жүзеге асуда. Құжат саясат пен қауіпсіздік саласында үйлестіруді күшейтіп қана қоймай, экономика, логистика, энергетика, ғылым мен мәдениеттегі тығыз ынтымақтастықты да көздейді.

Астана мен Бішкек жүйелі интеграция бағытын ұстанып, жоғары деңгейдегі тұрақты диалогты жолға қойғанын көрсетіп отыр.