«Тоқаев енді жемқор шенеуніктерді қамшымен сабайды» — белсенді Дияс Нұрақын

Тоқаев енді қазақтың несібесін ұрлап-жырлайтындардың басына әңгіртаяқ ойнатып, қамшы үйірмек. Ұлттық ақпарат кеңістігінде Қазақ елінің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құндылықтарға маңыз танытып, дырау қамшы [үлкен қамшы] сатып алған видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәтті саудасына қатысты ақпар айтып, ерекше пікір білдіргендің қатарында журналист Диас Нұрақын да бар. Ол:

— Қасым-Жомарт Тоқаев қамшы сатып алды. Енді жұмыс істемейтін, тапсырманы орындамайтын, қымбатшылыққа жол берген, ақша жеген шенеуніктерді шықпыртып тұрып сабайтын шығар?!

Қамшы 16 мың теңге тұрады екен. Президент төс қалтасынан әмиянын шығарып, 20 мың теңге ұстатты да, сдача керек емес деді. Біз каспий голдпен жүрсек, президент әлі наличка ұстайды екен.

Кезінде Назарбаев бір дүкенге кіріп, ақша таппай, күзетшісінен сұрап еді. Қазіргі президенттің қалтасында қашанда ақша жүретін сияқты, — деп жазды.

Нақты айта отырайық, Жамбыл облысының «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы көрмеге барған Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті қолөнер шеберінің бірі жасаған қамшыны сатып алды. Тоқаевтың қамшы сатып алған сан-cаққа жорып жатқандар көп. Олардың дені Тоқаевтың дыр қамшымен шенеуніктерді «көкала қойдай қылып» сабайтынына сенімді.
«Әкіміміз неге тыпыршып тұр? Жонарқадан салып қала ма деп сасқалақтап тұрған шығар»;
 
«Артынан шенді-шекпенділер сөккен шығар. Тегін бере салмадың ба? Ұят емес пе деп. Ақшадан өлдің бе, мен бере салатын едім ғой. Деп Сөйтіп, сөйлеп қояды. Ал кісі еңбегін бағалай білмейді. Бәрі тегін болу керек. Міне осындай жүйе, басшылар бар. Ал президент азаматтық жасап тұр»;
 
«21 ғасырда әлі сол қамшымен жүрміз»;
 
«Президентіміздің, басқасын былай қойып, қамшыны қолға алғанын жақсылыққа жориын ба? Әлде…» деп жазды оқырмандар.
 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Әр қазағым жалғызым 🇰🇿 (@shyndykz)