Тоқаев Грузия Премьер-министрін мемлекеттік наградамен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Премьер-министрі Ираклий Кобахидзені Қазақстан мен Грузия арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградамен марапаттады деп хабарлайды  Altyn-orda.kz

Марапаттау рәсімі барысында Президент екі ел арасындағы өзара сенім мен серіктестіктің жылдан-жылға нығайып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік-логистика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңызды екеніне назар аударды.

Өз кезегінде Грузия Үкіметінің басшысы көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанмен өзара тиімді әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастық соңғы жылдары жаңа қарқын алып, әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, сауда көлемін арттыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағыттарында белсенді дамып келеді.

Осы залда Грузияның экономика министрі Мариам Квривишвили де болды. Ол 36 жаста, бұл қызметте жүргеніне тура бір жыл. Оның қалай жұмыс істейтінін қазақстандық әріптестері өз көзімен көрді.