Токаев Қаңтар оқиғасы жайлы: «Бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың қажеті жоқ!
Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесу барысында қаралы Қаңтарға қатысты пікір білдіріп, бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың қажеті жоқ екенін айтты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
«Заң үстемдігі болмаса, қоғамдық тәртіп орнату мүмкін емес. Басқаша айтқанда, ішкі саясатымызда заң мен тәртіпті басшылыққа аламыз. Тек сонда ғана біз азаматтарымыздың игілігіне бағытталған экономикалық реформаларды тиімді жүргізу үшін қолайлы жағдай жасай аламыз. Заң мен тәртіп мемлекетіміздің беделіне шын мәнінде нұқсан келтірген қайғылы қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Одан сабақ алу керек және бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ. Белгілі бір күштердің жетегіне ерген және кішігірім қылмыстар жасағандарға рақымшылық жарияладым. Олар халқымыздың түпкі мүддесіне мүлдем сай келмейтін жеке мақсатты көздейді. Жуық арада мемлекетке сатқындық жасағандар, екіжүзділік және қорқақтық танытқандар сот алдында жауап береді. Қайғылы жағдайға жол берген немесе арандатушылық әрекет жасағандардың істері бойынша тергеу жалғасады», — деді Тоқаев.
«Адырна» ұлттық порталы