Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі орынбасарын қызметінен босатты

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі бірдей орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Altyn-orda.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды”, – деп жазды Ақорда.
Олардың орнына Лугмар Харкиевич Буларов пен Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.
