Тоқаев келесі аптада Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Ақорда. Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасының жазуынша, президент Әзербайжанда 11-12 наурыз аралығында болады.
«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады», — делінген ресми хабарламада. Айта кетейік, Әзербайжанда осы жылдың ақпанында өткен кезектен тыс өткен сайлауда елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиев 92,1 пайыз дауыспен жеңіске жеткенін жазған едік.
Көп ұзамай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.