Тоқаев Көктөбеде алматылықтармен кездесті (видео)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда БҰҰ Бас хатшысымен келіссөздерден кейін оңтүстік астана тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. ГЕ сілтеме жасаған Altyn-orda.kz

Кездесу кезінде түсірілген суреттерді президент баспасөз қызметінің “Bort N1” Telegram-арнасы бөлісті.

Еске салайық, кеше, 3 тамызда Тоқаев Алматыда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Гутерриш Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын ешқашан ұмытпайтынын сөз етті.

Кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барып, БҰҰ өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қойды.