Тоқаев Өзбекстан мен Словакия басшыларын ұлттық мерекелерімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёев пен Петер Пеллегриниге құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Өзбекстан басшысын ол Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерін атап өтіп, «ғасырлар бойы жалғасқан достық пен тату көршілік» байланыстарын ерекше мәнге ие екенін жеткізді.

Ал Словакия Президентіне Тоқаев Конституция күніне орай құттықтау жолдап, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.