Тоқаев Вашингтонда қазақстандық студенттермен кездесті

АҚШ-қа сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесті. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы отандастарымен қысқаша әңгімелесіп, олардың оқу мен кәсіби мансаптарында табыс тіледідеп хабарлайды Altyn-orda.kz
Бұған дейін Тоқаев АҚШ астанасына келіп, оны АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау қарсы алған болатын. Сапар 6 қарашаға жоспарланған «Орталық Азия – АҚШ» (C5+1 форматы) саммитіне орайластырылған.
Бұл форум аймақтың бес елін – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанды – Америка Құрама Штаттарымен біріктіреді. 2015 жылы құрылған бұл платформа экономикалық ынтымақтастық, қауіпсіздік және тұрақты даму мәселелерін тікелей геосаяси астарсыз талқылауға арналған алаң болып табылады.
Саммит аясында Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөздер өткізеді деп күтілуде. Тараптар инвестиция, энергетикалық әріптестік және өңірлік тұрақтылық мәселелерін талқылайды. Бұл бағыттар Астана мен Вашингтон арасындағы стратегиялық диалогты нығайтудың негізгі бағыттары болып табылады.
Altyn-orda.kz
Қостанай облысындағы шахтада жарылыс тіркелді
06.01.2026, 15:05
Соңғы жаңалықтар
-
Қостанай облысындағы шахтада жарылыс тіркелді
06.01.2026, 15:05 -
Қазақстанда 2026 жылы 11 мың шақырымнан астам жол жаңартылады
05.01.2026, 13:54
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










