Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді.
Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Сапар барысында мемлекет басшысы сапар аясында қаладағы гидротехникалық инфрақұрылыммен танысып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді деп күтілуде. Жиынға үкімет мүшелері қатысады.
