«Тоқтар аға, құлынымды беріңізші»: Қанат Әлжаппаров танымал әншіден уәде етілген жылқысын сұрады

Елімізге белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров «Хабар» арнасындағы «Ұйқым келмейді» бағдарламасында арнайы қонақ болып, көпшіліктің алдында Тоқтар Серіковтен бұйымтайын сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Қарағандыдағы тойда ағамыз: «Тұлпарларым бар», — деп айтты. «Ойбай, айналайын, саған неге бір құлынды бермеске?! Атадым» — деді. Бірақ өзім сұрамадым сол күйі. Ағамен де кездеспейміз. Кездескен кезде де ат сұрайтындай жағдайда кездеспейміз. Бірақ бір сұрарым бар әлі, өсіп қалған шығар. Аға, Тоқтар аға, құлынымды беріңізші маған», — деді Әлжаппаров.
Айта кетелік, бұған дейін Қанат Әлжаппаров орысша өтетін тойларды басқара алмайтынын айтқан болатын.
