«Төрешілерге наразы»: қазақ боксшысы Азия чемпионатының марапаттау рәсіміне шықпай қойды (видео)

Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлде еншілеген қазақ боксшысы Дулат Бекбауов марапаттау рәсіміне шығудан бас тартты. Мұның себебін бокс федерациясының баспасөз хатшысы түсіндірді, деп хабарлайды     Altyn-orda.kz      KAZ.NUR.KZге сілтеме жасай отырып 

Дулат Бекбауов 67 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбек боксшысы Мужибилло Тұрсыновпен кездескен еді. Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті Өзбекстан спортшысына берді. Кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Дулат Бекбауов қатысқан жоқ.

KAZ.NUR.KZ тілшісі мұның себебін бокс федерациясының баспасөз хатшысынан сұрады. «Дулат ақтық сындағы төрешілер шешімімен келіспейді.

Сол себепті марапаттау рәсіміне шығудан бас тартқан», — делінген жауапта. Айта кетейік, 29 жастағы Дулат Бекбауов осымен екінші рет Азия біріншілігінің күміс жүлдесін иеленіп отыр. Ол 2022 жылы Амман қаласындағы финалда Таиланд боксшысынан жеңілген еді. Сондай-ақ Бекбауов – 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)