Төрт баласымен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы : «Менің өмірім ертегідегідей өзгерді ».

Америкаға төрт баласымен қоныс аударып ,тұрып жатқан қазақстандық келіншек Қазақстаннан келген жазылушыларына көмектесті.
Айдын Тоқсанбаева өмірде өте бақытты екенін айтты, деп жазады Altyn-orda.kz.
Америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақстандық Айдын Instagram парақшасында шетелдегі өмірімен жиі бөліседі. ,Оның күйеуінің ұлты филиппиндік .
Төрт баланың анасы отандастарына штатта бейімделуге көмектеседі.
Жазылушылардың бірі штаттардан 6 күннен бері баспана таба алмай жүргенін айтқанда, Айдынның күйеуі Марк баспанасына шақырған . Айдын күйеуі өте жомарт азамат екенін тілге тиек етіп отырады
Сондай-ақ олардың үйінде Work and Travel бағдарламасы бойынша Америкаға келген үш қыздың тұрғанын жасырмайды.
« Міне, менің күйеуім адамдарға деген мейірімді, ашық. Онымен өмірім ертегідегідей жүз сексен градусқа өзгерді . Жасаған жақсылығың өзіңе міндетті түрде еселеніп қайтады », – деп жазады Айдын әлеуметтік желіде.
Айдын 13 жыл бұрын Америкаға алғаш келгенде жерлестеріне көмектескенін айтады. Және ол осы ұстанымды жүреді .
«2011 жылы Нью-Йоркте адасып қалдым, Айдын маған жол көрсетті. Айдын сені жақсы көремін, әр ісіңе қолдау көрсетемін», «күйеуің қандай әдемі», «бақыт саған еселенсін, біздің қызымыз», «саған Алла разы болсын», «бақыт тілейміз. Жарайсыңдар», — дейді оқырмандар өз пікірлерін.
