Трамп НАТО Украинаға арналған қаруды АҚШ-тан алатынын келсім шарт жасалғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмектің жаңа форматын жариялады: енді қару-жарақ тікелей Киевке емес, НАТО альянсына сатылып, ол өзі жеткізуші болады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

«Біз қаруды НАТО-ға жеткіземіз. Альянс оны толықтай төлейді, содан кейін Украинаға не жіберетінін өзі шешеді», — деді Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұл Patriot зениттік-зымыран кешендері мен басқа да жүйелер туралы болып отыр. Бұл келісімдер жаздағы НАТО саммитінде мақұлданған көрінеді. Трамп   қаржыландыру АҚШ бюджетіне емес, одақтастардың мойнына жүктелетінін атап өтті     .

Бұл мәлімдеме күтпеген жаңалық болды, өйткені бұған дейін барлық көмек АҚШ қазынасынан тікелей бөлініп келген. Reuters агенттігінің мәліметінше, соғыс басталғаліанан  бері АҚШ Украинаға 175 миллиард доллардан астам көмек көрсеткен.

Қаржыландырудың нақты қандай тетіктері қолданылатыны әзірге белгісіз: НАТО ортақ бюджетін (жылына шамамен 4,6 млрд еуро) пайдалана ма, әлде мүше елдердің ұлттық бюджеттері іске қосыла ма. Альянстың қаржысының басым бөлігі АҚШ (15,88%), Германия (15,88%), Ұлыбритания және Франциядан (әрқайсысы 10,19%) келеді.

Трамп алдағы дүйсенбіде Ресейге қатысты маңызды мәлімдеме жасайтынын айтып, Вашингтонның қақтығысқа деген ұстанымында өзгерістер болатынын меңзеді.

«Мен Ресейге көңілім қалды. Алдағы апталарда не боларын көрейік», — деді ол.

Осы арада Германия канцлері Фридрих Мерц АҚШ-тан әуе шабуылына қарсы жүйелерді сатып алып, оларды Украинаға беруге дайын екенін растады. Бұл шешімді ол Трамппен өткен келіссөздердің тікелей нәтижесі деп атады.

НАТО тарапынан әзірге ресми реакция болмағанымен, бас хатшы Марк Рютте Трамппен Киевке әскери көмекті, соның ішінде оқ-дәрі мен әуе шабуылына қарсы жүйелерді жеткізуді кеңейту қажеттігін талқылағанын мәлімдеген болатын.