Трамп Ресейге қарсы санкцияларды бір жылға ұзартты

АҚШ президенті Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы салынған 2014, 2018 және 2022 жылдардағы санкцияларды ұзартты, деп хабарлайды Федералдық тізілім деректеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Тізілімнің ресми сайтында АҚШ президентінің Атқарушы кеңсесі атынан құжат жарияланды, онда 2014, 2018 және 2022 жылдары Американың әр түрлі президенттері салған Ресейге қарсы санкциялар бір жылға ұзартылатыны айтылған. «Осы бұйрықтарда айтылған әрекеттер мен саясат Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саяси мүдделеріне әдеттен тыс және төтенше қауіп төндіруін жалғастырып жатыр», — делінген құжатта.
Құжатта айтылғандай, санкциялар «Ресейдің Украинаның Қырымын оккупациялауына», «өзін өзі тәуелсіз республика деп жариялаған ДХР мен ЛХР-ды мойындауына» және басқа да бірқатар әрекетке байланысты енгізілген. «Бұл шектеулердің барлығы 2025 жылғы 6 наурыздан кейін өз күшінде қалуы керек», — делінген құжатта.
Еске салсақ, бұған дейін Украина министрлер кабинеті АҚШ-пен пайдалы қазбаларға қатысты келісімді мақұлдағанын жазған едік. Министрлер кабинетінің басшысы келісімнің жаңа редакциясында 500 миллиард доллар қарыз туралы айтылмағанын мәлімдеді.
