Трамп Тоқаев туралы жылы пікір білдірді

7 қыркүйекте Ақ үй маңында журналистермен тілдескен Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «өте жақсы адам» деп атап, оған сәлем жолдауды өтінді. Бұл пікір ол АҚШ ашық чемпионатының (US Open) финалына жол жүрер алдында айтылды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Қазақстанға сапар ықтималдығы туралы сұраққа АҚШ Президенті ондай мүмкіндікті жоққа шығармады. Ол бұған дейін Тоқаевпен «жақсы әңгіме» өткізгенін атап өтті, алайда әңгіме жайлы толық мәлімет берілмеді.

Бұл мәлімдеме дипломатиялық сипатта болғанымен, Вашингтонның Орталық Азиямен қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылысының белгісі ретінде қарастыруға болады.

Астана үшін мұндай сигналдар жоғары деңгейдегі диалогты күшейтіп, сыртқы саясаттағы тепе-теңдікті — Батыс, Қытай және Ресей арасындағы балансты — ілгерілетуге себеп болмақ.