Туған күні таяғанда Назарбаевты бірқатар мәртебесінен айыратын заң мақұлданды
Сенат депутаттары «Кәсіптік біліктілік туралы» заң мен іліспе құжатты мақұлдады. Заң жобасын сенатор Талғат Жүнісов таныстырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сенатор «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң аясында негізгі жобаға сәйкес келтіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актіге өзгеріс енгізілетінін атап өтті.
Сондай-ақ президенттің тапсырмаларын іске асыру үшін ілеспе заң жобасында мынадай толықтырулар қарастырылған:
- «Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы» заңға Қазақстанның «Ел бірлігі» (Халық бірлігі) орденін тағайындау жөніндегі ұсыныс.
- «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» заңға мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындау бөлігінде өзгеріс енгізіледі.
Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған білім беру ұйымдары мен қордағы Жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы мәртебесі жойылады.