«Түнімен ұйықтай алмадым». Белгілі депутат Олимпиадада бағы жанбаған Абиба Әбужақыноваға сыйақы беретін болды
Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республика партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров Олимпиадада жеңіліс тапқан Абиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты, — деп хабарлайды Altyn-orda.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып .
Спортшының көз жасы күллі қазақ жұртына әсер етті.
«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп — Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл — тектіліктің белгісі. Бұл — үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, Қазақтың жігіттері!» — деп жазды депутат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram