Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған асаба қарғыстың астында қалды

Түркістан облысында болған жантүршігерлік жағдайдан кейін желі қолданушылары әкесін азаптап, қиянат жасаған адамның парақшасын тауып алды. Оның қатігездігін көрген адамдар ер адамға қарғыс жаударды. Бұл туралы Altyn-orda.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

Алмас Садақбаев – өңір ішінде белгілі асаба. Ер адам парақшасына басқарған тойлардан үзінділер, ұлттық аспаппен түскен және мешітте түскен суреттерін жүктепті. 

Желі қолданушылары оның әрбір жазбасына пікір жазып, қартайғанда әкесінің қорғансыз күйін кешуді тіледі.

“Әке қарғысы оқ! Көргенсіз бала тәрбиелегеніне қатты өкінетін шығар”, “Әкеңді сыйламаған ез екенсің, соны балаларың алдыңа келтірсін”, “Әкеңе жасағаныңды перзенттерің әйелің екеуіңнің алдыңа әкелсін”, “Қартайғанда балаларыңнан соны көр”, “Недеген жауыз едің оңбаған! Әнші деп өзіңді айтпай-ақ қой! Халық жауы нағыз өзің”, “Қарабет, ардан безген, алдыңа еселеп келсін, екі дүниенің рахатын көрме”, “Қолың сыңғыр мал”, “Біз әкемізді сағынып ансап жүрсек, бұл ит әкесін ұрған айуан, түрмеде шіріп өл, әйелінің де сумаңдаған тілі қысқарсын, оңбағандар”, – деген сынды пікірден сөз сүрінеді.

Еске салайық, Түркістан облысында ер адамның өз әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, тіпті ұрып-соққан видеосы тараған еді. Облыстық полиция ер адамды қамауға алды.