Түркістан облысында мұғалім мектеп кабинетінде оқушымен жыныстық қатынасқа түскен: Сот шешім шығарды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ауыл мектебінің мұғалімі кәмелетке толмаған оқушымен жыныстық қатынасқа түскені үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауылдардың бірінде мектеп кабинетінде 9-сынып оқушысы мен 24 жастағы информатика пәнінің мұғалімі жыныстық қатынасқа түскені туралы ақпарат әріптестерінің арқасында жұртшылыққа белгілі болған. Ер адам бірден барлығы өзара келісім бойынша болғанын және оған үйленуге дайын екенін айтқан. Олар тіпті жас қалыңдық пен оның анасының келіскенін айтып, видео жариялаған.
Атышулы оқиғадан кейін Ақбар Асановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, мектепті тексергеннен кейін оқушының сынып жетекшісі жұмыстан босатылып, екі оқу ісі жөніндегі орынбасарлар қызметінен босатылды. Тергеу кезінде күдікті тергеу изоляторында отырды. 23 қыркүйекте ол ҚК-нің 122-бабының 1-бөлігі «он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер» бойынша сотқа тартылды.
29 қыркүйекте Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ол шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Анықталғандай, жыныстық қатынас фактілері бірнеше рет болған. Тек мектеп кабинетінде ғана емес, сонымен қатар жергілікті өзеннің жағасында да жақындасқан. Мұғалім үйленуге уәде берген, қыз оған келісім берген. Сотта азамат жылап тұрып, жасөспірімге ғашық екенін айтқан.
Нәтижесінде мұғалім түрмеден босатылды. Бірақ үйлену тойы бола ма, жоқ па белгісіз.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінген еді.