Түркістан облысында үшем : бес ұлдың анасы екі қыз бен ұл дұнинге әкелді

Сауран ауданында көп балалы отбасы үшеммен толықты. 38 жастағы бес ұлдың анасы 20 қыркүйекте екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді. Үшем 35-аптада жоспарлы кесарь тілігі арқылы туған. Нәрестелердің салмағы 1,9-дан 2,1 килограмға дейін, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Фото: Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ана мен сәбилер бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болған және қазір үйіне шығарылды. Жаңа туған нәрестелерге Сафа, Амир және Хадия деген есімдер берілді.

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен балалардың жағдайы тұрақты. Отбасы аудандық емхана мамандарының тұрақты бақылауында.

Үшемнің дүниеге келуі – өңір үшін сирек, бірақ қуанышты оқиға. Түркістан облысы дәстүрлі түрде еліміздегі ең жоғары туу көрсеткіші бар өңірлердің бірі болып табылады.

Altyn-orda.kz