Түркістан облысында заңсыз карьерлердің жұмысы өршіп тұр

Түркістан облысында заңсыз карьерлердің жұмысы өршіп тұр

Азаматтық белсенді Самбетов Жанболат Фейсбук әлеуметтік желісінде Сырдария жағасындағы заңсыз карьэр жайлы жазба қалдырып, облыстық құзырлы органдардан назар аударуын сұраған.

«Түркістан Облысы, Келес Ауданы, Ақтөбе Ауылдық округіне қарасты Сырдария жағасынан құм карьері ашылыпты. Ауылға келіп басына барып көрдік, сол жерде жүргендерден сұрасақ, Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының рұқсатымен, Аудан әкімшілігінің бақылауымен, Келестік жеке кәсіпкер ӘлБараканың техникасымен «Айша» ЖШС жерінен (бұл ТОО білуімше Шымкенттің экс әкімі Габидулла Абдрахимовқа тиеселі) ашылды дейді. Құрметті басшылар, сіздердің құм-тас қазудан басқа жасайтын жұмыстарыңыз қалмаған ба? Халықтың мал жайылым жерінен құм тас қазуды неге тоқтатпайсыздар? Әзірге ауылдан құм-тас шығыпты мұнай шықса не болады екенін елестету қиын! Түркістан облысының Полиция Департаменті, бұл карьерге кім рұқсат беріп отыр? Мұрат Қабденов мырза назарға алуыңызды сұраймыз?»-деп жазба қалдырған.

Түркістан облысында заңсыз карьерлердің жұмысы өршіп тұр

Түркістан облысында заңсыз карьерлердің жұмысы өршіп тұр

Түркістан облысында заңсыз карьерлердің жұмысы өршіп тұр