Түркістанда жоғалған төрт жастағы баланың денесі септиктен табылды

Түркістанда жоғалған төрт жастағы бала табылды. Ол көрші үйдің септигіне түсіп кеткен екен. Бала қайтыс болған деп хабарлайды Altyn-orda.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап
Естеріңізге сала кетейік , ол осыдан 2 күн бұрын 1 желтоқсан күні кешкі уақытта ойнауға шығып кеткен. Содан үйіне қайта оралмаған.
Оны іздеуге еріктілер, төтенше жағдай қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары қосылған.
Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған еді.
Желтоқсанның 3-і күні түстен кейін үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде көрші үй маңындағы септиктен 4 жасар баланың денесі табылды. Баланың денесін сот-медициналық сараптама жүргізді, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмады -делінген хабарламада
