Түркия мен Сириядағы зілзаладан көз жұмғандар саны 33 мыңнан асты

Түркия мен Сирияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түркияда 155 сағат үйінді астында жатқан 8 жасар бала үйінді астынан аман құтқарылды. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.
Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді. Соның бірі – Сирия, ондағы құрбандар саны 3 574-ке жетті. Ал Түркияда зілзаладан көз жұмған саны 30 мыңға жуықтады.
Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 39 адамның, оның ішінде екі баланың денесі үйінді астынан шығарылды.
