Түркияның Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар киіз үй тіге бастады (видео)

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқына көмек көрсету мақсатында қазақстандықтар Кахраманмараш қаласында бірнеше киіз үй тіге бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Киіз үйдің алғашқы легі келіп, Кахраманмараш қаласында орнатылып жатыр. Бұл киіз үйлердің Түркияға жеткізілгеніне бірнеше күн болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрбек Бекбау (@nurbek_bekbau)

Бүгін тағы 84 киіз үй жеткізіледі», – дейді қазақстандық тілші Нұрбек Бекбау Instagram парақшасында. Оның айтуынша, Түркия халқына қолұшын созуға Қазақстаннан 12 ерікті келген. Түрік еліне жалпы саны 100-ден астам киіз үй жеткізіледі.

Видеолардың бірінде киіз үйде түнеп, оны тестілеуден өткізген Нұрбек Бекбау жылы көрпе, электр плиталары қажет екенін айтты. «Кахраманмараш қаласы– бұл тауда орналасқан қала.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрбек Бекбау (@nurbek_bekbau)

Дәл қазір сыртта ауа райы -17 градус, өте суық. Киіз үй тігіп алып, ішінде жатырмыз. Соның өзінде суық. Эксперимент ретінде не керектігін тексеріп жатырмыз. Жорықтық көрпе және ошақ керек екен, осыны түсініп жатырмыз, бірақ мына киіз үйге жиырма кісіні еркін сыйғызуға болады, бұл да бір көңілге медеу», – дейді Бекбау.

kaz.nur.kz