«Үй ішінен үй тігуге жол берілмейді» — депутат қызылжарлық сепаратистерге қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай қызылжарлық әлдебір «сепаратист» атанған топтың әрекетіне қатысты пікір білдіріп, арнайы мәлімдеме жасады. Депутат Бас прокурордың атына ашық хат жолданатынан айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Мақсат Толықбай мұндай әсіре белсенділердің әрекетін сынға алып, әріптестері Абзал Құспан және өзге де депутаттармен бірлесе отырып Бас прокурордың атына ашық хат жолдады.
— Біздің басты құндылығымыз — мемлекеттің тұтастығы, тұрақтылығы. Үй ішінен үй тігуге жол берілмейді. Арандатушылар міндетті түрде жазаларын алуы тиіс, — деді Мақсат Толықбай.
Оқырмандары депутаттың мәлімдемесіне қатысты пікір бірдірді:
«Міне, депутаттар дәл осылай шапшаң әрекет ету керек. Әйтпесе бұған жауапты сала басшылары көз жұмып, » сен тимесең, мен тиме» деп есінеп, тыр-тыр қасынып жата береді. Оларға елдің мүддесі, тұтастығы көк тиын сияқты көрінеді»,«Үлкен ойын. Ертең жаңа құрам жұмыс жасай бастады, «Аманат» елдің тұтастығын қорғайды деген пікір қалыптастыру үшін алдын ала ойластырылған сценарий»,«Дұрыс бастама. Тек Мухоряповтың ісіне ұқсап арты сиырқұйымшақтанып кетпесе» деп жазды оқырмандар.