«Үйлеріңізге келмеймін»: Гүлзира Айдарбекованың құдағиы шу шығарды

Екі құдағидың бұл әрекетіне біреулер тамсанып жатса, енді біреулер сынап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.
Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың әке-шешесінің жаңажылдық мереке қарсаңында құдаларын қарсы алған видеосы тарады.
Видеода әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова келінінің анасына сыйлық тарту етеді. Алайда құдағиы үзілді-кесілді бас тартады. Тіпті «Неге сыйлық бере бересіздер? Енді үйлеріңізге келмеймін. Солтүстікте мұндай жоқ» деп қалжыңдайды. Бұған қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды.
«Бұл да — көрегендіктің белгісі. Гүлзира келген сайын қымбат сыйлық беретін болып тұр ғой», «Қайта-қайта ала беруге ыңғайсызданып тұр», «Ұялып жатқан түрі ғой», «Құдағи деп сыйлағанға неге сонша бұлданады?», «Солтүстікте мұндай жоқ деуі қай сасқаны?» — дейді пікір жазушылар.
