Қазақ бизнесмендері Украина қаласы Бучаға қазақ үй тікті

Бұл туралы Оңғар Қабден өз фейсбук  парақшасына жазды   деп хабарлайды  altyn-orda.kz
Украинаның соғыс басталғанда көрмегені жоқ қаласы ол — Буча. Қалада әлі күнге жарық, интернет жоқ. Бүгін қазақ бизнесмендері Бучаға қазақы киіз үй тікті деп хабарлайды Украинадан Aida досым. Екі жүз адам киіз үйге кіріп, палау мен бауырсақ жеп, шәй ішіпті. Киіз үй сәуірдің басына дейін күн жылынғанша тұрады. Күнделікті тамақ тегін.
«Ең мықты генераторды қоямыз. Бұл киіз үйде жарық та интернет те болады» дейді жігіттер.
Жаңа Бучамен видео байланыс арқылы сөйлестім. Украина халқы қазақтарға риза. «Қазақтардың қолдауын соғыс басталғалы сезініп келеміз, қонаққа кел» деп жақсы ниеттерін білдіруде.
Қолындағы ыдысқа салып алған палауын кішкентай баласына беріп өзі қарап отырған жігітті көріп жүрегім ауырды. Палау салып тұрған аға кел тағы салып берейін десе мен өзімдікін алдым ғой. Басқаларына да жетсін дейді. Не деген бауырмал халық. Тезірек жеңіске жетіңдер деп тілек айттық. Басқа не айтамыз -деп жазды