«Украина сияқты болып кетпесек болды»: Путинді қолдағаны үшін партиядан шығарылған депутат пікір білдірд
Жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин мен Украинадағы соғысты қолдайтынын айтқаны үшін «Ақ жол» партиясынан шығарылған депутат Азамат Әбілдаев шешімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық сайтына сілтеме жасап.
Әбілдаев партия шешімімен толықтай келісетінін айтып, ешкімге реніші жоқ екенін жеткізген.
«Партияның шешімі дұрыс. Партия деген партия ғой. Ұлттық кеңес. Ол жерде 40 мүшесі бар. Ертең сайлау келе жатыр. Менің бір сөзім үшін партияны «подставить етпеймін» ғой. Мен олармен келісемін. Дұрыс жасады. Менен интервью алған қызға да ренішім жоқ. Маған қарсы дауыс беріп, партбилет алғандарға да, ешкімге ешқандай ренішім жоқ. Бір нәрсені түсінуіміз керек: ұлтшыл-патриоттар деп Украина сияқты болып кетпесек болды. Басқа ештеңе демеймін», — деген ол.
Еске салайық, Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Азаттық радиосына берген сұхбатында былтыр Украинаға басып кіріп, көрші елді ойрандап, бейбіт тұрғындарды қырып жатқан Ресейді қолдайтынын айтқан.
Азамат Әбілдаев бұған дейін «Ақ жол» партиясының мүшесі, партия төрағасының орынбасары қызметінде болған.