Украинаның тағы бір қаласында қазақтың киіз үйі тігілді

Украинаның Харьков қаласында қазақтың «нығарлы киіз үйі» тігілді. Киіз үй «Украина-Қазақстан» парламентаралық достық тобының жетекшісі, Украина халық депутаты Сергей Нагорняктың, қазақстандық кәсіпкер Дәулет Нұржановтың және Украина қазақ диаспорасы өкілдерінің қолдауымен тұрғызылған. Бұл туралы 23 қаңтарда Харьков қалалық әкімшілігінің сайтында жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Киіз үй «Сәулетші Бекетов» метро станциясының жанындағы Ғашықтар ескерткішінің жанында орналасқан. Көшпелі үй күн сайын жылыту пункті ретінде жұмыс істейді, онда әркім жылынып, телефонын қуаттап, ыстық шай ішуіне мүмкіндік бар.

«Осы «нығарлы киіз үйді» Бірлік күні мерекесінің қарсаңында аштық, бұл бәріміз үшін қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының Украинаны сөзсіз қолдағанын көрсетеді. Мен Қазақстанға, Харьков тұрғындарын қиыншылықта қалдырмай, ауыртпалықты жеңуге белсене көмектескендердің барлығына алғысымды білдіремін. Бұл киіз үй екі мәдениеттің бірлігінің белгісі және халықтарымыздың достығының айғағы», – деген ашылу салтанатына сөйлеген Харьков мэрі Игорь Терехов.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай киіз үйлер Киев пен Буча қалаларында да ашылған.