Ұлттық банк теңге бағамының ауытқуын түсіндірді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында теңгенің айырбас бағамының қазіргі динамикасына түсініктеме берді. Оның айтуынша, жыл басынан бері теңге бағамы 1%-ға нығайып, бір доллар үшін 519,73 теңгені құрады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Бағамға сыртқы да, ішкі де факторлар әсер етуде.
Сыртқы факторларға нарықтағы құбылмалылық, жаһандық сауда қақтығыстары мен ресейлік рубльдің нығаюы жатады.
Мұнай бағасы бір баррель үшін шамамен 70 доллар деңгейінде сақталып отыр.
Ішкі факторлардың ішінде, жыл басында теңгенің нығаюына әсер еткен себеп ретінде Сүлейменов импорттың азаюы аясында шетел валютасына деген сұраныстың төмендеуін және экспорттаушылардың салық төлемдері есебінен валюта ұсынысының артуын атады.
Маусым айының екінші жартысында халық пен компаниялардың шетел валютасына сұранысының артуына байланысты маусымдық ауытқулар байқалды. Бұл құбылыстар демалыс маусымы мен бюджеттік бағдарламалардың орындалуымен байланысты.
Ұлттық банк бұл өзгерістерді қысқа мерзімді деп бағалап, олар жүйелі қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Қазіргі жағдайда бағамның күрт өзгеруіне елеулі негіз жоқ. Реттеуші валюта бағамының еркін өзгеру режімін ұстануды жалғастырады
Жетісайдағы өрт: Көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берді
18.11.2025, 16:58Қазақстан жайлы ауыр сөздер айтқан Екатерина Бивол жындыханаға түсті
17.11.2025, 13:28
Соңғы жаңалықтар
-
Жетісайдағы өрт: Көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берді
18.11.2025, 16:58 -
Қазақстан жайлы ауыр сөздер айтқан Екатерина Бивол жындыханаға түсті
17.11.2025, 13:28 -
Ташкенттегі саммит: Тоқаев аймақтық интеграцияның жаңа бағытын ұсынды
17.11.2025, 10:17
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










