Ұлттық дәстүрді насихаттайтын Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова да кимешек киді
Қазақылыққа жаны жақын әнші Жанар Айжанова мен қызы Айжұлдыз Адайбекова елді ерекше образымен таңғалдырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көпшілік Жанар Айжанованы ұлттық киімде көріп үйренгенімен, қызы Айжұлдыздың кимешек кигені жұртқа жаңалық болды.
“Бүгінгі ауызашардың дресс коды қазақша екен. Айжұлдыз екеуміз ақылдасып, бірдей киіндік, қалай ұнады ма?”, – деп оқырманға сауал тастады өнер иесі.
Кимешектегі келіншектер желі қолданушаларын тәнті етті.
“Әдемі жарасып тұр”, “Қазақтың кимешегіне не жетсін”, “Сұлулықтың символындай”, “Хиджабтан мың есе әдемі”, “Көздің жауын алады”, – деп жазды желідегілер.
Алайда, Айжұлдыз Адайбекованың кимешек кигенін орынсыз деп санайтындар да табылды.
“Шешесі кисе болады кимешекті, жас қызға ерте”, “Айжұлдызға кимешек ерте”, “Кимешек Жанардың жасына лайық”, «Айжұлдыз кимешек киетін жаста емес», “Ауызашарды да шоуға айналдыңдар ма, сұмдық қой”, – деп пікір қалдырды олар жазба астына.