«Ұлттық киімнің қызығын қырғыздар көріп жатыр»: Желі қолданушысы отандық дизайнерлерге ашулы
Күні кеше ғана елімізде Ұлттық киім кию мерекесі аталып өтті. Алайда желі қолданушылары халықтық ұлттық киімді отаныдық дизайнерлерден сатып ала алмайтынын айтып, наразылық білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видео Insragram әлеуметтік желісіндегі @qazaq_orkeniet парақшасында жарияланған.
Ұлттық киім кию мерекесінің қызығын қырғыздар көріп жатыр. Қалай десеңіз айтайын. Дәл қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер, сауда үйінің қызметкерлері, қысқасы бәрі қазақы киімді кию керек боп жатыр. Енді олар киейін десе, отандық дизайнерлердің тіккен киімдері удай қымбат. 100-200 мың арасында. Оны кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Сосын барады да қырғыздардың бутигіне барады. Қырғыздардың бутигінде қазақы шапандар қаптап тұр. Керегіңді аласың. Су тегін, ап-арзан. Сапасы да жаман емес. Жаңағы айтқандай 100-200 мың емес. Қысқаша айтқанда, отандық дизайнерлердің киімдері өте қымбат қанша патриот болсақ та. Осылайша, ұлттық киім кию мерекесінің қызығын қырғыздар көріп жатыр, — дейді ол видео-үндеуде.