Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов ақыры қызметінен кетті

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Skifnews.kz ақпарат портлалына сілтеме жасай отырып.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.
