Үш ер адам дәретханаға түскен телефонды аламыз деп көз жұмды
Өзбекстанның Сырдария облысында үш адам сыртта орналасқан дәретханаға түсіп кеткен телефонды алуға тырысып жатқан кезде көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 27 сәуірде Сырдария облысы Сардоба ауданының Файзиабад махалласында болды, деп жазады Podrobno.uz Өзбекстан прокуратурасына сілтеме жасай отырып.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үй иесінің телефоны шұңқырға түсіп кеткен. Ер адам әкесі мен інісін көмекке шақырған. Үшеуі де гаджетті алу үшін дәретханаға түсіп, есінен танып қалған. Ер адамдар сол жерде көз жұмды.
Прокуратура жазатайым оқиға салдарынан ер адамдар қаза тапқанын, сақтық шараларын сақтағанын атап өтті. Аудандық ведомство бұл жағдайға тексеру жүргізеді.