«Ұят екен». Дариға Бадықованың тойға күзетші ертіп шыққан видеосы желіде қызу талқыға түсті

Танымал актриса Дариға Бадықованың тойға күзетші ертіп шыққан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, — деп хабарлайды  Altyn-orda.kz  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасай отырып.

Кадрларда оның жанында Оchooou лақапатымен танымал әнші, актер Олжас Абай да бары, оларды күзетшілер айналдырып қоршап тұрғаны көрінеді. Әлеуметтік желіде тараған видео арнайы жасалған қойылым ба немесе, шынында да, күзетшілер ертіп шықты ма, бұл жағы белгісіз.

Алайда желі қолданушылары актрисаны сынның астына алған. Кейбіреулер оларды да түсінуге болатынын айтқан.

«Әртістерді түсіну керек, өлең айтып тұрғанда, неге сонша барып жабысады?», «Өздеріне көп алып қойған жоқ па?», «Не болды соншама?», «Қаншама атақты Димаш, Мейрамбек, Роза, Мақпал апалар сияқты қарапайым болу керек», «Ұят екен, неден, кімнен қоршап тұр?» — деді олар.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шоу бизнес жаңалықтары🇰🇿 (@kaz_stars)