«Ұжым қазақша сөйлеуге міндетті емес»: Астанада басы дауға қалған кофехана жабылды
Астанада Qazaq coffee кофеханасы қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті болмағандықтан жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған кофехана елордадағы Сәкен Сейфуллин, 8 мекенжайында орналасқан. 2 Gis қосымшасында Qazaq coffee кофеханасының пікірлер бөлімінде клиент қазақша мәзірдің жоқ екенін жазған. Сосын кофехана иесі оған қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті емес екенін, сондай-ақ басқа да орталықтарда құжат бойынша 50/50 орыс қазақ тілдері болғанымен, тек қана орысша қызмет көрсететінін алға тартқан.
Қосымшада 14 мыңнан астам пікір бар.
«Ұжым қызметкерлері қазақша сөйлеуге міндетті емес. Қазақ тілі ешбір мекемеде жалаң түрде қолданылмайды. Мәзірдің өзі 50/50 қазақша және орысша шығады», — деп жазылған пікірде.