“Велосипедке таласқан”- Жаңаөзенде әйелдер ойын алаңында төбелескен

Жаңаөзенде екі әйел ойын алаңында төбелесіп қалды. Ашуланған аналар балалардың жылағанын да ескермеген және ересектер де болған .Олар біріне -бірі арбаны лақтырып жіберген, – деп хабарлайды  altyn-orda.kz

Жанжал түс ауа балалар ойнайтын алаңда орын алған .Олар велосипедке таласқан. Әрқайсысы өз балаларын отырғызуға тырысқан одан кейін жұдырықтаса жөнелген

Аналар құмсалғышқа құлағаннан кейін де төбелесті жалғастырған . Ашулы әйелдерді қасынан өтіп бара жатқан ер адамдар ғана ажыратқан .

Желіде қызу төбелестің түсірілімін көрген полицейлер олардың кім екенін анықтаған . Бірақ екеуі де бір-біріне ешқандай талаптары жоқ екенін айтты.
“Полицейлер екеуінің де жеке басын анықтады, содан кейін азаматтар қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне шағымдары жоқ, олар арыз жазбаған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді“, – деді Әйгерім Ибатуллаева, баспасөз қызметінің жетекшісі.