«Власть» редакциясы әнұран кезінде орнынан тұрмаған әріптестері үшін кешірім сұрады
Vlast.kz редакциясы әнұран кезінде орнынан тұрмаған тілшіленің әрекеті үшін кешірім сұрады, деп жазады «Адырна». Олар бұл туралы өздерінің телеграм арнасындағы жазбада бөлісті.
«Власть әнұран ойнағанда орнынан тұрмай, жұмыс істеуін жалғастырған журналистің әрекетін құп көрмейді. Біз бұл үшін кешірім сұраймыз» деп жазды басылым.
Еске сала кетейік, бүгін 30 наурызда желіде Парламент үйінде шырқалған әнұранға тұрмаған екі журналистің видеосы талқы астында қалды. Олар «Власть» интернет журналының тілшісі Тамара Вааль мен журналист Ирина Севостьянова болатын.