Волгоград және Самара облыстарында дрон шабуылдары тіркелді: зардап шеккендер бар

Волгоградта түнгі дрон шабуылы салдарынан Дзержинский және Тракторозавод ауданындағы төрт тұрғын үй зақымданды. Үш адам жарақат алды: 71 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді, екі тұрғын медициналық көмектен бас тартты деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Ресей Қорғаныс министрлігі Волгоград облысы үстінде 17, ал Самара, Саратов, Ростов, Курск, Воронеж және Брянск облыстарында 57 дронның жойылғанын хабарлады.

Самара облысының губернаторы шабуылдың «ПВО күшімен толықтай тойтарылғанын» және құрбандардың жоқ екенін мәлімдеді.

Supernova+ украин арнасында Самара аспанындағы жарқылдар делінген видеолар жарияланды. Дрондар Новокуйбышевск маңында, «Роснефть» мұнай өңдеу зауыты орналасқан жерде де байқалды.

Воронеж облысында бір инфрақұрылым нысаны зақымданды. Губернатор Александр Гусев нысанды атап көрсетпеді, тек өрттің тез сөндірілгенін мәлімдеді. Дрон сынықтары жеке үйдің қабырғасы мен қоршауын да бүлдірген.

Altyn-orda.kz