Wildberries араб тіліндегі жазулар болған Қазақстан жалауларын сатылымнан алып тастады

Wildberries маркетплейсі Қазақстан жалауларын, олардың үстінде араб тіліндегі жазулар бар нұсқаларын сатылымнан алып тастады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жеткізеді Altyn-Orda.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қыздардың араб жазуы бар Қазақстан жалауын ұстап тұрған суреті тараған еді. Бұл жағдай қоғамда қызу пікірталас тудырып, құқық қорғау органдары мемлекеттік рәміздерді қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Осыдан кейін пайдаланушылар Wildberries платформасында осындай жалаулардың шамамен 5000 теңге бағасымен сатылғанын белгілі болдвы. Компания тексеріс жүргізіп, бұл тауарды бұғаттау туралы шешім қабылдады.
«Тексеру нәтижесінде мұндай жазуы бар жалаулар платформада сатылымнан алынды.
Wildberries әр мемлекеттің саяси ұстанымын қолдайды , мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өтініштеріне жедел жауап береді», – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
