«Яндекс.Таксидегі» 200 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін
Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Қазақстанда 200 мыңға жуық азамат Яндекс такси арқылы нәпақасын табады. Меніңше, бұл аса қырағылық пен үкіметтің тікелей назар аударатын басты мәселесі. Яндекс такси қосымшасының таксишілерден алатын комиссиясы — 18-22 пайыз, — дейді Елнұр Бейсенбаев.
Ол бұл не деген дүниеқорлық? Бәсекелестікті дамыту агенттігі қайда қарап отыр? Бұл — біздің Қазақстанның салығынан да көп комиссия. 200 мыңға жуық қазақстандық соншама ақшаны шетелдік ұйымға кетіріп жатыр. Неге осыны бақылауға алмайды деп күйінді.
Ресейге әртүрлі санкция салынып жатыр. Мысалы қателеспесем Эстония мен Литва Яндекс таксидің жұмысын тоқтатты. Ертең 200 мың қазақстандық бір күнде жұмыстан сырт қалу қаупі бар, — дейді депутат.
Министр Бағдат Мусин Яндекс таксидің комиссиясының жоғары болуын DiDi компаниясының кетуімен байланыстырды.