Юрий Викторович Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады. «Мемлекет басшысының жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Юрий Ильин бұл қызметті 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап атқарды. Өткен жылдың қаңтары мен 2023 жылғы сәуірде Төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалды.

