Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды (фото)

2 желтоқсанда Алматы облысындағы Кеген ауылында Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды.
Бұл туралы ашылу салтанатына арнайы барған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Іс-шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ақындар, танымал тұлғалар мен Заманбек Нұрқаділовтің туған-туыстары қатысты.
Ескерткіш авторлары: Қуаныш Асылбай, Ақылбек Орманбеков, Айдос Бүркітбаев, Тимур Ермұхаметов.
