Заңғар Нұртаспен ажырасып кеткен әйелі Жұлдыз Әбдукәрімованың туған күніне келді

Айдарбековтер әулетінің үш келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың туған күнінде бас қосты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Актриса, танымал хитмен Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова 35 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Қуанышты күнде жақындарының басын қосқан ол жиынға қайнысы Заңғардың бұрынғы әйелі Жібекті де шақырды. Әлеуметтік желіде жұлдызды әулеттің ортаншы келіні Әйгерім мен Жібектің бірге жүрген видеосы тарады. Алайда Заңғардың өзі жеңгесінің туған күнінде төбе көрсетпеді.

Сыйлы қонақтардың бірі болған Жібек бұрынғы абысыны Әйгеріммен Жұлдызға қытай тілінде тілек айтты.

“Бізге ойдан шығарып, қытайша тілек айтыңдар деді. Қытай тілін білгендіктен біз таза қытай тілінде құттықтадық. Неге орысша көп сөйлейсің дейтін едіңіздер, бүгін қытайша сөйледім”, – деп жазды Жібек.

Абысындар осылай қоян-қолтық араласса бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасы түзелер деп үміттенген желі қолданушылары Жұлдыздың бұл әрекетін құп көрді.

“Дұрыс осылай қосып жіберу керек екі жасты”, “Дұрыс, Заңғар үйленгенде Жұлдызды тойға шақырды, сөйтіп Қайратпен қосылды ғой”, “Абысындар тату болу керек”, “Жұлдыз ақылды келіншек”, – деп жазды желідегілер.

 

Еске салайық, бұған дейін Айдарбековтер әулетінің кенжесі Заңғар Нұртас келіншегі Жібекпен заңды түрде ажырасып кеткенін айтқан болатын.