Заңгер күйеуі екеуін Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққанын мәлімдеді

Анна Димитриевичтің жазуынша, күйеуі Олег Чернов екеуін Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Димитриевич оқиға жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Біз ойланбастан көмектесуге ұмтылдық, жігітті тоқтатуға тырыстық. Ол мені құшақтап, «Көмектесіңізші! Көмектесінізші!” деп жалынумен болды. Содан кейін кенеттен жігіт бізге жұдырық ала жүгірді. Соққылардан Олег құлап түсті. Ол тұруға тырысқанда, әлгі жігіт тебе бастады. Олегтің басын футбол добындай тепкіледі. Еркін күрес жарыстарындағыдай оны әрлі-берлі лақтырды», — деп еске алды Анна.

Заңгер шабуылдаушыларды тіпті құқық қорғаушылардың келуі де тоқтатпағанын атап өтті. Олар Олег Черновқа қоқан-лоқы көрсетуді жалғастыра берген. 

Димитриевичтің сөзінше, шабуылдаушы – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл.

«Спортшылардың өзіндік адамгершілік ұстанымдары бар, сондықтан Дәулет Болатұлы осы жанжал бойынша көреген шешім қабылдайды деп сенемін», – дейді заңгер.